Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

«КӘСІБИ ӨСУ МЕН ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ»

«КӘСІБИ ӨСУ МЕН ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ»

📍2025 жылғы 14 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «КӘСІБИ ӨСУ МЕН ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
🔹Семинар әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Облыстық семинар-практикумде колледж тарапынан баяндама жасаған:
🔹 Г.Акимова, “Білім” бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік төрайымының орынбасары – авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары жөнінде маңызды ақпаратпен бөлісіп, нақты қадамдарын түсіндірді.
🔹С.Ескалиева, колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары – құндылыққа негізделген білім беру үдерісінде жобалық жұмыстардың орны мен маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады.
🔹Семинар әдіскерлерге жаңа көзқарас, практикалық құралдар ұсынып, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған тиімді кәсіби алаң болды.
Аталған шараға колледждің әдістемелік кабинет әдіскері А.Маханова және оқу-әдістемелік бірлестік әдіскері А.Ильясова тыңдаушы ретінде қатысты.

kk ru en