Кәсіби даму институтымен бірлескен ««SCAFFOLD» жобасы-тәжіриебеге бағытталған интерактивті оқыту»» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
📍2026 жылдың 11 наурызында «Бастауыш білім беру» бөлімінің «Заманауи бастауыш білім беру: оқу тәрбие мен инновация интеграциясы» тақырыбындағы мамандық айлығы жоспарына сәйкес ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтымен бірлескен ««SCAFFOLD» жобасы-тәжіриебеге бағытталған интерактивті оқыту»» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
🔹Мақсаты:
- Педагогтердің тәжірибеге бағытталған интерактивті оқыту тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз ету;
- «SCAFFOLD» әдісі арқылы білім алушылардың дербестігін, сыни ойлауын және зерттеушілік дағдыларын дамытуға багытталган кәсіби құзыреттілігін арттыру.
🔹Семинарға қатысушылар заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасып, практикалық жұмыстар орындады.
🔹Сонымен қатар «SCAFFOLD» құралын сабақ жоспарлауда тиімді қолдану жолдары талқыланып, педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹Семинар-тренинг педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған маңызды алаңға айналды.

