📍Колледжімізде студенттерге арналған «Менің ішкі әлемім» тақырыбында арт-терапия өтті. Шараның басты мақсаты – қатысушылардың өз сезімдерін, ішкі күйін және жан дүниесіндегі ой-толғаныстарын шығармашылық арқылы жеткізуіне мүмкіндік беру.

🔹Студенттер сурет арқылы өз ішкі әлеміндегі жағдайын бейнелеп, көңіл-күйі мен эмоциялық күйін шығармашылық түрде көрсетті. 🔹Жұмыстарында әрқайсысының өзіндік ойы, сезімі және дүниетанымы көрініс тапты. Арт-терапия процесі қатысушыларға ішкі толғаныстарын қағаз бетіне түсіріп, өз-өзін тереңірек түсінуге жағдай жасады.
🖌 Әр сурет – бір әлем
💭 Әр түс – бір сезім
🌿 Әр қатысушы – ерекше тұлға
Арт-терапия – бұл бағалау емес, бұл – 🔹қабылдау және түсіну.
Өзіңді тануға жасалған тағы бір маңызды қадам.
🔹Жауапты: Колледж психологтары