Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Әдістемелік отырыс: сынақ-емтихан материалдарын әзірлеу мәселелері талқыланды

Әдістемелік отырыс: сынақ-емтихан материалдарын әзірлеу мәселелері талқыланды

📍Әдістемелік отырыс: сынақ-емтихан материалдарын әзірлеу мәселелері талқыланды

🔹2025 жылдың 2 желтоқсан күні әдістемелік бөлімде 2025-2026 оқу жылындағы I жартыжылдық бойынша аралық аттестация материалдарын әзірлеуге арналған әдістемелік отырыс өтті.

🔹Отырысқа оқу-әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысып, сынақ және емтихан материалдарын дайындау барысында сақталуы қажет ережелер мен рәсімдеу талаптары жан-жақты түсіндірілді.

🔹Талқыланған негізгі мәселелер:
– тапсырмалардың мазмұндық дұрыстығы мен оқу бағдарламасына сәйкестігі;
– бағалау критерийлері мен өлшемдерін біріздендіру;
– тест, билет, практикалық тапсырмалар құрылымын дұрыс рәсімдеу;
– материалдардың академиялық адалдық талаптарына сай болуы;
– құжаттарды электронды және қағаз түрінде дайындау тәртібі.

kk ru en