Дермене – Дулат Исабеков 2026 жылғы 20 ақпанда «Қазақ әдебиеті арқылы тұлғаның рухани құндылықтарын дамыту» ғылыми-практикалық жобасының жетекшісі Мухтарова А.С. КТ-205 тобы студенттерімен Д.Исабековтың «Дермене» әңгімесін талдау шарасын өткізді.
📍Кітап талқысы: Дермене – Дулат Исабеков 2026 жылғы 20 ақпанда «Қазақ әдебиеті арқылы тұлғаның рухани құндылықтарын дамыту» ғылыми-практикалық жобасының жетекшісі Мухтарова А.С. КТ-205 тобы студенттерімен Д.Исабековтың «Дермене» әңгімесін талдау шарасын өткізді.
🔹Талдау барысында студенттер әңгіме мазмұны бойынша даярланған сауалдарға жауап бере отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашты, кейіпкерлерге мінездеме берді. Студенттер негізгі кейіпкерлердің әрекеттеріне сипаттама бере отырып, оқырман ретінде көңілге түйген ойларымен бөлісті.
🔹Адал еңбекпен тапқан табыстың құнды екендігі айқындалып, автор идеясының түйіні сараланды. Шара жоба аясында бұған дейін талданған басқа шығармалармен байланыстырылған танымдық ойынмен түйінделді.
🔹Шараға директордың ҒӘЖЖ жөніндегі орынбасары С.Ескалиева, бөлім меңгерушісі Е.Ажбенов және бөлім оқытушылары Л.Балғазиева, Г.Табинбаева қатысып, студенттердің кітап талдаудағы белсенділіктеріне оң баға беріп, ризашылықтарын білдірді.

