«Әдебиет және тілдер» бөлімінде “Желтоқсан жаңғырығы”атты кездесу кеші өтті.
📍2025 жылдың 12 желтоқсан күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің «Әдебиет және тілдер» бөлімінде “Желтоқсан жаңғырығы”атты кездесу кеші өтті.
🔹Шараның мақсаты: еліміздің өткен тарихын кеңінен таныстыру, жастар бойында ұлттық көзқарас қалыптастыру және Отанды сүйетін , Егемен еліміздің болашағы үшін қызмет ететін патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Кездесуге сол тарихи оқиғаның куәлары Әуелбаев Әділкерей , Қайырлапова Гүлжан Өтеғұлқызы, Срашов Жаңалық Кантуреевич қатысты.Қонақтар еліміздің тәуелсіздік алу жолында «Желтоқсан оқиғасының» маңызы мен тарихи оқиғаның сипаты туралы баяндап берді.
🔹Аға буын өкілдері Тәуелсіз Қазақстанның келешегін жастарға аманат ете отырып, жастардың болашағына бағыт беретін ақыл-кеңестерін айтты.
🔹Студент жастар көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап ала отырып, сол кезеңдегі жастар қозғалысының мәнін айқын ұғынды.


