Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесінің желісі бойынша әдеби іс-шара өтті.

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесінің желісі бойынша әдеби іс-шара өтті.

📍Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесінің желісі бойынша әдеби іс-шара өтті.
🔹Шараның мақсаты – ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай оның өнегелі өмірін, ерен ерлігін және шығармашылық мұрасын насихаттау.
🔹Атап айтқанда:
• «Ұшқан ұя» повесі желісі бойынша батырдың балалық шағын, отбасылық тәрбиесін, қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтары мен халық даналығын студенттерге тереңірек таныстыру;
• Жас ұрпақтың патриоттық сезімін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, батыр тұлғасынан үлгі-өнеге алуға баулу;
• Повестің негізгі идеясын аша отырып, студенттердің Бауыржан Момышұлының басқа шығармаларын оқуға қызығушылығын арттыру.
🔹Бұл шара арқылы студенттер ұлттық рухани байлығымызды бағалай білуге, мәңгілік өшпес батырлық символы – Бауыржан атамыздың мұрасын құрметтеуге тәрбиеленді!
🔹Бауыржан атамыздың әйгілі автобиографиялық повесі «Ұшқан ұя». Бұл шығармада батырдың балалық шағы, өскен ортасы, отбасы тәрбиесі, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары терең суреттелген. Повесь ұрпақ тәрбиесіне, адамгершілікке үндейтін тәлімді туынды!
🔹Студенттер повесть желісі бойынша әдеби монтаж, көркем оқу және талқылаулар ұйымдастырып, батырдың өнегелі өмірін еске алды.
🔹Бауыржан Момышұлы – мәңгілік өшпес ерліктің символы!

kk ru en