“Батырлық пен парасат иесі-Мәлік Ғабдуллин”
📍2025 жылғы 21 қарашада Мухтарова Агипа Сағидоллақызының ұйымдастыруымен “Батырлық пен парасат иесі-Мәлік Ғабдуллин” атты оқырмандар конференциясы өтті.
🔹Шараға Кт-105,205 топтарының студенттері қатысып,батыр-ғалымның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Өмірімен өнеге болған тұлғаның соғыс жылдарындағы ерлігі туралы даярланған бейнебаян жастардың көңіліне пптриоттық сезім ұялатса, шығармашылығы туралы мәліметтерден қаламгердің қазақ әдебиеті тарихындағы өзіндік орнын таныды. Соғыста батыр, бейбіт күнде ғалым,ұстаз, жазушы бола білген қаламгердің ерекше бейнесін өз замандастары берген бағалары нақтылай түсті.
🔹Батырдың ерлігін шығармаларына арқау еткен ақындардың өлеңдері мәнерлеп оқылып, шара “Атамекен” әнімен қорытындыланды.

