Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

📑Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында республикалық байқау өтті.

📃Байқауға елдің түкпір-түкпірінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары қатысып, білім беру саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар заманауи оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін көрсетіп, білім мазмұнын жаңарту мен шығармашылық идеяларын қорғады.

▫️Байқауда Ақтөбе облысының педагогтары үздік нәтиже көрсетті. Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ерасыл Әжбенов жүлделі І орынға ие болды. Ал Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айнұр Қанбаева республикалық деңгейде өз тәжірибесін сәтті қорғап, сертификатқа ие болды.

📜Бұл жетістік облыс педагогтарының кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық бастамаларды жүзеге асыру қабілетін тағы бір мәрте танытты.

🧩Әріптестерімізді құттықтаймыз! Бұл жеңіс білім саласында жаңа идеялар мен жетістіктерге жол ашатынына сенімдіміз.

 

kk ru en