📍«Адал азамат», «Салауатты сана», «Елдесу және татуласу» жобалары аясында студент жастармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру, өзара сыйластық пен татулықты нығайту.

Кездесуге 1–4 курс студенттері белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
🔹Арнайы шақырылған қонақтар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Рахиев Роман Рахиевич, Аналар кеңесінің төрағасы Сергалина Рауза Сатымқызы, Медиация кеңесінің үйлестірушісі Азиев Есенбол Амангелдиевич және Ақтөбе облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Сүйентаев Нұрлыбек Сағынайұлы қатысты.
🔹Спикерлер адалдықтың қоғам дамуындағы маңызы, құқықбұзушылықтың алдын алу, медиацияның рөлі және жастардың азаматтық жауапкершілігі туралы маңызды ойларымен бөлісті. Ашық форматта өткен сұхбат барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кездесу жастарға рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтып, саналы таңдау жасауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге үлкен серпін берді.