📍2026 жылғы 6 ақпанда колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес, «Жалпы білім беру» бөлімінің қатысуымен «STEM және гуманитарлық ғылымдардағы пәнаралық зерттеудің маңызы» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті.
📍2026 жылғы 6 ақпанда колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес, «Жалпы білім беру» бөлімінің қатысуымен «STEM және гуманитарлық ғылымдардағы пәнаралық зерттеудің маңызы» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті.
🔹Іс-шараға білім беру, ғылым және бизнес саласының өкілдері қатысып, пәнаралық тәсілдің кәсіби маман даярлаудағы тиімділігі жөнінде пікір алмасты.
Атап айтқанда,
«Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Абишева Н.М.
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, «Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Алишева Ж.К.,
BI Group компаниясының білім беру жобаларын дамыту директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жайық Сұлтан.
🔹Дөңгелек үстел спикерлері: «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Изтлеуова А.А., Шәймерден Қ.С.,
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушылары Ниетбаева К.Т., Ильясова Г.Б.,
№2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің әдіскері Батырханова Ғ.Е. және осы колледждің арнайы пәндер оқытушылары сындарлы баяндамаларын жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
🔹Іс-шараның мақсаты – STEM бағытындағы пәндер мен гуманитарлық ғылымдарды ықпалдастырудың заманауи білім беру жүйесіндегі рөлін айқындау, пәнаралық зерттеудің білім алушылардың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын, коммуникациялық мәдениетін және практикалық құзыреттіліктерін дамытудағы маңызын көрсету болды.
🔹Дөңгелек үстелге қатысқан жалпы білім беру бөлімінің оқытушылары, жоба жетекшілері STEM білім беру элементтерін қолдану еңбек нарығы талаптарына сай бейімделгіш маман қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атай отырып, қайшылықтар туралы да өз пікірлерін білдірді.
🔹Іс-шара соңында оқу процесіне пәнаралық жобаларды енгізу және колледжде ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
🔹Директордың ҒӘЖЖ орынбасары

