📍2026 жылғы 30 қаңтарда Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары арасында инновациялық жұмыстардың өңірлік байқауы өтті.

🔹Аталған байқаудың мақсаты – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін, педагогикалық шеберлігін және инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейін айқындау, үздік педагогикалық тәжірибені тарату, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы сапалы оқытуды дамытуға ықпал ету.
🔹Байқауға колледжімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ажбенов Ерасыл Құрманғалиұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.
🎉Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
🔹Алдағы уақытта кәсіби қызметінде табыс, шығармашылық ізденіс пен білікті мамандар даярлауда сәттілік тілейміз.