📍2026 жылғы 19 ақпанда №85 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Меткүл Ораққызы Қосымбаева мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің директоры Жанара Куандыковна Алишева арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

🔹Салтанатты шараға Ақтөбе қаласындағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысып, білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
🔹Аталған Меморандум қалалық білім бөлімі мен колледж арасындағы кадрлық ресурстарды тиімді пайдалану, ғылыми және кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған. Құжат аясында бірлескен конференциялар, форумдар, семинарлар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу шараларын жүзеге асыру көзделген.
🔹Сонымен қатар, Меморандум колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді. Құжаттың негізгі мақсаты – тараптар арасында тұрақты әрі өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру.
🔹Бұл бастама өңірдегі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға және білікті мамандар даярлау ісін жетілдіруге өз үлесін қосады.