📍2026 жылдың 13 ақпанында «Бастауыш білім беру» бөлімінің БК-320 тобы «Колледж студенттерінің зерттеу жобалары» атты топішілік конкурсын өткізді.
📍2026 жылдың 13 ақпанында «Бастауыш білім беру» бөлімінің БК-320 тобы «Колледж студенттерінің зерттеу жобалары» атты топішілік конкурсын өткізді. Конкурс барысында қатысушылар әртүрлі тақырыптар бойынша өз зерттеу жұмыстарын ұсынып, қорғады.
🔹Зерттеу жұмысының мақсаты – әр студенттің өзіне бөлінген тақырып бойынша зерттеу жүргізуіне мүмкіндік беру, ғылыми ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау және жүйелеу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттің жауапкершілігін арттыру, сыни ойлауын дамыту және өз зерттеу нәтижесін дәлелді түрде қорғауға үйрету.
🔹Жобалық жұмыстар студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа идеялар ұсынуға жетеледі. Нәтижесінде студенттер болашақ мамандығына қажетті кәсіби құзыреттерді меңгеріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізді.
🔹Жоба жұмысы студенттердің білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасуына және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етті.
🔹Зерттеу жұмыстарына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдарын айқындап, жетекшілік еткен оқытушы С.П.Құдайберген.


