Актюбинский Высший гуманитарный колледж

phone icon Тел: +7 (7132) 56‒02‒30

📍2026 жылдың 11 ақпан күні Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің кітапханасында ерекше жылулыққа толы кездесу өтті. Ардагер ұстаз Әсем Сұлтанқызы Жұмағұлованың «Ұрпаққа қалар өнеге» атты кітабы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

🔹Конференцияның басты мақсаты: Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру; Кітап арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау;
Автор шығармашылығын таныту және студенттердің талдау дағдыларын дамыту.
🔹Конференцияға колледж оқытушылары, ардагер ұстаздар мен кітапхана жанашырлары, сондай-ақ ҚТ-105, КТХ-215, МД-106 топтарының білім алушылары қатысты. Студенттер кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, ұлағатты ұстаздың өмір жолынан үлгі алды.
🔹Бұл кітап — тек бір адамның естелігі емес, бұл — тұтас бір буынның тәжірибесі, ұлттық тәрбие мен адамгершіліктің энциклопедиясы.
🔹Шара барысында: Білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітапты жан-жақты талдады. Ардагер ұстаздарымыз жастарға ақ батасын беріп, өмірлік кеңестерімен бөлісті. Кітапхананың оқу залы нағыз рухани ортаға айналды.
Болашақ мамандар үшін бұл кездесудің орны бөлек. Себебі, ұстаздың өнегесі — ұрпақтың бағдаршамы.
🔹Өнегелі сөз — өшпес мұра. Кітап оқу арқылы рухани бай болайық!
🔹Кітап оқиық, өнегені ұрпаққа аманат етейік!

kk ru en