📍20 ақпанда Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы бірлесіп «Интеграция. Инновация. Инклюзия: заманауи білім берудегі пәндік тәжірибені трансформациялау» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
📍20 ақпанда Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы бірлесіп «Интеграция. Инновация. Инклюзия: заманауи білім берудегі пәндік тәжірибені трансформациялау» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
🔹Семинарға Ақтөбе қаласы мен Хромтау, Мәртөк, Қандыағаш аудандарындағы колледждер мен арнайы мектеп-интернат педагогтері, соның ішінде педагог-зерттеуші біліктілік санатын көтеруге (растауға) баратын оқытушылар қатысты.
🔹Семинарды Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Бибигуль Мустафиевна Жамекова модерациялап, семинардың мақсаты мен өзектілігін таныстырды. Қатысушыларды белсенді пікір алмасуға шақырды, бағдарламаның күн тәртібін және маңызды бағыттарын түсіндірді.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіби бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Кулсейтова Гулназ Амирбековна алғы сөз сөйлеп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жүргізу, пәнаралық интеграция, инновациялық тәсілдер мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
🔹 Негізгі бағыттар:
• Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс әдістемесін жетілдіру;
• Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстар мен инновациялық технологияларды қолдану;
• Пәнаралық интеграция және функционалдық сауаттылықты дамыту;
• Бірлескен әдістемелік құралдар мен облыстық жинақ дайындау.
🔹Қорытынды Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс жүргізуде ұсынылған әдістемелік жұмыстарды мамандар даярлайтын білім беру ұйымдарының пән оқытушыларымен байланыса отырып, бірлескен жинақтар шығарылсын.

